• ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ЖАСЫРЫН ТЕКСЕРУ (INTEGRITY CHECK) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

    ТАЙНАЯ ПРОВЕРКА НА ДОБРОПОРЯДОЧНОСТЬ (INTEGRITY CHECK) КАК АНТИКОРРУПЦИОННЫЙ ИНСТРУМЕНТ: МЕЖДУНАРОДНЫЙ ОПЫТ И ПЕРСПЕКТИВЫ ВНЕДРЕНИЯ

    Жолдасбаев Д.Н. , Қазбекова А.Б.

    Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №4 (34), 2024

    Мақалада мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шарасы ретінде парасаттылықты жасырын тексеру (Integrity Check) талданады. Кездейсоқ және нысаналы тексерулерді, сондай-ақ олардың басты ерекшеліктерін қоса алғанда тексерулердің анықтамасы мен түрлері сипатталады. Бұл құралды халықаралық тәжірибеде, оның ішінде АҚШ, Австралия, Румыния, Молдова, Венгрия және Сингапур елдерінде қолдану мысалдары қарастырылады. Оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық мінезқұлқының алдын алуда және мемлекеттік басқарудың ашықтығын нығайтуда оң әсерін береді. Мақалада кәсіби парасаттылыққа тексерудің қазақстандық тетігін енгізудің ретроспективті талдауы жасалады. Кәсіби парасаттылыққа тексерудің ситуациялық жағдайларының мысалдары талданған. Нәтижесінде ықтимал тәуекелдер анықталды. Авторлар заңнамалық реттеудің, қызметкерлерді даярлаудың және пропорционалдылық пен этика қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, Integrity Check-ті сәтті енгізу бойынша ұсыныстар жасайды. Оған қоса мақалада жасырын тексерулермен байланысты ықтимал шектеулер мен тәуекелдер, сондай-ақ оларды азайту жолдары қарастырылған. Тиісінше, бұл осындай құралды енгізуді жоспарлап отырған елдер үшін мақаланың өзектілігін көрсетеді.

    сыбайлас жемқорлық қызметкер алдын алу арандату тестілеу жасырын тексеру парасаттылық адалдық тәуекел; тетік

    Жуктеу
    Жүктеулер: 11