-
МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ: ТИІМДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
О ПРИМЕНЕНИИ ИНСТИТУТА МЕДИАЦИИ В УГОЛОВНОМ СУДОПРОИЗВОДСТВЕ: ВОПРОСЫ ЭФФЕКТИВНОСТИ И ПУТИ РЕШЕНИЯ
Баймухаметова Г.М.
Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №4 (30), 2023
медиация медиатор қылмыстық процесс қылмыстық-құқықтық жанжал татуласу медиация рәсімі заң сотМақалада медиация институтын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану мәселесі қарастырылған. Медиация институтын қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану ерекше өзекті болып табылады, сонымен бірге сот ісін жүргізудің осы саласындағы қазіргі проблема болашақта елеулі зардаптарға әкелуі әбденмүмкін. Азаматтық құқық саласындағы мәселе, әдетте, материалдық мүдделердің бұзылуына әкеп соқтырса, онда қылмыстық құқық саласында бұл проблема адамның негізгі конституциялық құқықтарының: бостандық, өмір сүру және т.б. құқықтардың бұзылуынан көрінеді.
Автор қылмыстық сот ісін жүргізуде медиацияны іс жүзінде қолдану кезіндегі мәселелерді қарастырды.
Мақалада медиация процесін жақсартуға және оның құқықтық жүйеде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамаға ұсыныстар мен өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстықпроцестік кодексіне енгізілген өзгерістер прокурорға медиация рәсімін тағайындау бойынша қылмыстық қудалауға,медиативтік келісімді бекітугежәнемедиацияның түпкі мақсатына қолжеткізген кезде қылмыстық қудалауды тоқтатуға балама ретінде өкілеттіктер береді. Сондай-ақ медиативтік келісімнің сақталуын және жәбірленушінің құқықтарын қорғауды қадағалауды жүзеге асыру қаралған. Бұл өзгерістер медиация институтын қылмыстық процесте пайдалануды ынталандыруға және кеңейтуге бағытталған
Жуктеу
Жүктеулер: 68