• ШЕТ ЕЛДЕРДЕ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖЫНЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ (КАНАДА, АҚШ МЫСАЛЫНДА)

    Құлмұханбетова Б.А.

    Вестник Академии правоохранительных органов №4 (26), 2022

    Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру ерекше өзекті болып табылады. Мақалада Канада мен АҚШ-тың жалпы және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру тәжірибесіне шолу жасалады. Бұл шолу «Балаларды интернеттегі жыныстық қанаудан қорғаудың ұлттық стратегиясы», «Жынысына байланысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес стратегиясы», «2019-2024 жылдарға арналған Адам саудасына қарсы күрес стратегиясы», «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатудың канадалық жол картасы» сияқты Канададағы балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық стратегияларды талдауға негізделген. АҚШ-тың «Балаларды қорғау және қауіпсіздігі туралы» Федералды Заңы жыныстық қылмыскерлерді тіркеу жүйесін, ДНҚ мәліметтер базасын, балаларды қорғауға арналған гранттар бағдарламаларын және жыныстық қылмыскерлер мен балаларды қудалайтындардың іс-әрекеттерін болдырмауға және оларды жазалауға бағытталған басқа да бастамаларды қарастырады. Қазақстанда қолданылатын шараларды ескере отырып, автор Канада мен АҚШ тәжірибесін имплементациялау бойынша шараларды ұсынады.

    ДНҚ мәліметтер базасы қылмыскер туралы мәліметтер базасы құрбан болу қауіпсіздік шаралары жыныстық қылмыскерлерді бақылау жыныстық қылмыскерлерді тіркеу жыныстық қанау балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық

    Жуктеу
    Жүктеулер: 44