• Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеті институтының қалыптасуы мен дамуы

    Становление и развитие института обязанностей по воспитанию несовершеннолетних

    Баймаханов А.А.

    Вестник Академии правоохранительных органов, №4 (14), 2019

    Мақала кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеті және оны орындамау жауапкершілігі институтының пайда болу мен даму тарихына арналған. Осы тақырыпқа ғылыми қызығушылық қазақстандық азаматтардың болашақ буынының дұрыс қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығына, осы процестермен байланысты мәселелердің күрделілігі мен әртүрлілігіне байланысты. Бұл мақалада Ұлы Дала, Қазақ хандығы және Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңінде қолданыста болған ата-аналар мен олардың балалары арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нормаларына ғылыми-тарихи талдау жүргізіледі. Бұл жұмыста XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ құқығының классикасы «Жеті жарғыға» ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, отбасы ұғымы, оның қоғамдағы пайда болып жатқан өзгерістермен өзара байланысы сипатталады және талданады. Отбасы тәрбиесіндегі дәстүрлер мен қазақ халқының тарихындағы ұлттық құндылықтар көрсетілді. Қазақ халқының дәстүрлі отбасылық тәрбиесінің негізгі қағидаттары мен оған әсер ететін факторлар айтылады. Тәрбиелеуде ата-аналардың рөлі, қоғамдағы өзгерістерге байланысты қарастырылатын отбасылық міндеттер көрсетіледі. Қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеуде міндеттерді орындау мәселесі бойынша біз үшін тиімді және бізге тән механизмдері қолдану ұсынылады.

    ата-ана бала тәрбие жауапкершілік кәмелетке толмаған адам жарғы тарих құқық

    Жуктеу
    Жүктеулер: 30