-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІ САЛАСЫНДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ
МОШЕННИЧЕСТВО В СФЕРЕ ОБЪЕКТОВ НЕДВИЖИМОГО ИМУЩЕСТВА В КАЗАХСТАНЕ
Куранбек Ж.А.
Вестник Академии правоохранительных органов, №1 (15) 2020, 2020
жылжымайтын мүлік нарығы жылжымайтын мүлік объектілері қылмыс жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтық алаяқтық тәсілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру статистикалық көрсеткіштер криминогендік детерминанттарЖылжымайтын мүлік нарығы көбіне оңай ақшаны ұнататындарды тартады. Жыл сайын алаяқтар әртүрлі жылжымайтын мүлік түрлерімен жасалатын мәмілелер бойынша алаяқтық жасаудың жаңа әдістерін ойлап табады және осы саладағы алаяқтық әрекеттердің көбеюі байқалады. Осы жағдай мақаланың өзектілігін анықтайды. Мақалада соңғы бірнеше жылдағы статистикалық мәліметтер пайдаланылған, талдау сот практикасының материалдарына сәйкес жүргізілген. Алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жылжымайтын мүлік объектілерін иелену тәсілдері талданады. Практикалық маңызы зерттеуде тұжырымдалған жекелеген қорытындылар мен ұсыныстар тұрғын үй жылжымайтын мүлік саласында жасалатын алаяқтықтың түрлі тәсілдерінің алдын алуға ықпал етуі мүмкін. Осы ғылыми мақала пікірталас сұрақтарынан тұрады және тұрғын үй жылжымайтын мүлік саласында жасалатын алаяқтықтың алдын алу мәселелерін қызықтыратын барлық адамдарға арналған.
Жуктеу
Жүктеулер: 27