• КҮДІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ

    НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ЗАДЕРЖАНИЯ ПОДОЗРЕВАЕМОГО КАК ОСНОВНАЯ МЕРА ПРОЦЕССУАЛЬНОГО ПРИНУЖДЕНИЯ

    Сарсенбаев А.С.

    Вестник Академии правоохранительных органов, №4 (18), 2020

    Мақалада автор күдіктіні ұстау институтына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға, ТМД-ның кейбір елдерінің, Еуропаның заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізеді. Статистикалық деректерді пайдалана отырып, автор күдіктіні ұстау шеңберінде Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасы жеткілікті түрде жетілдірілді деп пайымдайды. Шетелдік заңгер ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде отандық тәжірибені негіздеуге тырысады. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдіктіні босатудың ережелері мен негіздері болып табылады. Автор ұсталғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың отандық қылмыстық процестік тәжірибесін қарастырып, ұсынды. Автор қорытындыда ұстауды қылмыстық процестік мәжбүрлеу және әкімшілік мәжбүрлеу тәртібімен ұстау шаралары ретінде ажырату, сондай-ақ аталған шараны жүргізу кезінде күдіктінің құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы қорытындыға келеді.

    ұстау уақытша ұстау ұстау үшін негіздер қылмыстық құқық бұзушылық əкімшілік құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәжбүрлеу шаралары бұлтартпау шарасы

    Жуктеу
    Жүктеулер: 37