• СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚАТЕЛІКТЕРІН АЖЫРАТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

    Шакаримов А.С., Маханов Т.Г.

    Вестник Академии правоохранительных органов, №3 (21), 2021

    Бұл мақалада авторлар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқарушылық қателіктердің аражігін ажырату мәселелерін қарастырып, қылмыстық жаза тағайындау шеңберіндегі маңыздылығын көрсетеді. Мемлекет Басшысының тапсырмасын орын дау аясында жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, мемлекеттік басқару саласындағы басқарушылық қателіктердің түсінігін саралайды, орын алып отырған кемшіліктерді көрсетеді. Сонымен бірге авторлар статистикалық мәліметтерге талдау жүргізе отырып, сот тәжірибесіндегі фактілерді егжей-тегжейлі сипаттай келе, аталған санаттағы қылмыстық істердің тоқтатылуына себепші қылмыстық қудалау органдары жол берген жүйелі кемшіліктерді тізіп көрсетеді. Зерттеліп отырған мәселенің үш буынды моделді енгізудегі орнын белгілей отырып, авторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №8 Нормативтік қаулысын сынға алып, кейіннен тиісті өзгертулер енгізу үшін, аталған санаттағы істер бойынша сот практикасын қорытуды ұсынады.

    сыбайлас жемқорлық қылмыс əкімшілік құқық бұзушылық басқарушылық қателік ажырату қылмыстық қудалау қылмыстық процесс нормативтік қаулы сот тәжірибесі

    Жуктеу
    Жүктеулер: 27