• ТАТУЛАСУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

    ЕСҚАЛЫ Н.Т., ЕШНАЗАРОВ А.А.

    Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №3 (37), 2025

    Мақалада татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату институтының ерекшеліктері мен қолдану аясы қарастырылады. Автор формалды құрамды құрайтын және екі объектіге қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға аталған институтты қолдану ерекшелігінің проблемалық аспектілеріне назар аударады. Сонымен қатар, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларда институттың қолданылу талаптарының өзара сәйкестігіне тоқталады. Аталған институттың қазіргі жағдайына талдау жасалып, тақырып аясында институтты жария айыптау істеріне қатысты қолдау негізінде қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері зерделенген. Отандық және өзге елдердің заңнамаларын салыстыру арқылы осы институттың мақсаттары және қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізеді.

    Зерттеу нәтижесі бойынша институтты қолдануда қылмыстық құқықтың мақсаттарына жету үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

    жәбірленуші жария айыптау зиян міндеттеме объект қылмыстық құқық татуласу талап

    Жүктеулер: 47