-
ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС КОНТЕКСТІНДЕГІ СӨЗ ЕРКІНДІГІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЕКТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ
РАХИМОВ Н.Б., САГИНАЕВ Қ.Е.
Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №1 (36), 2025
экстремизм сөз және шығармашылық еркіндігі деструктивті радикалды ақпарат ақпаратты тарату заңнамалық шектеуМақала экстремистік ақпараттық материалмен күрес жағдайында сөз және шығармашылық еркіндігін іске асырудың заңдармен кепілдік берілген шектерін анықтауға арналған. Зерттеу барысында қарастырылып отырған демократиялық принциптің рөлі, маңызы, мазмұны және оны негізгі халықаралық құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан шектеудің айрықша шарттары қарастырылады. Авторлар сөз және шығармашылық еркіндігін іске асырудың заңды шекаралары жеке мүдделерді (бала асырап алу құпиясы, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, коммерциялық құпия және т.б.) және көпшілік (мемлекет, қоғам, әлеуметтік топтар) мүдделерін қорғау үшін белгіленген заңнамалық шектеулер болып табылады деген қорытынды жасады. Сонымен қатар, халықтың белгілі бір бөлігінің ұлттық және діни сезімдерін қозғайтын арандатушылық және қорлау сипатындағы наразылық акциялары мен шығармашылық жұмыстарын бағалауға қатысты жекелеген елдердің түрлі көзқарастары проблемасы бойынша пікір білдірілген.
Жүктеулер: 46