-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ РЕТІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДЖАНСЕЙТОВА М.Б., ӘМІРХАНОВ Р.А.
Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №1 (36), 2025
әкімшілік жауаптылық әкімшілік жаза ұқсастық ақшалай жаза әкімшілік айыппұл дискреция құқық бұзушылық құқықтық мәдениетМақалада авторлар әкімшілік айыппұлды жауаптылықтың түрі және оның Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ерекшеліктері ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік айыппұлдарға қатысты заңнамасын талдау кезінде нормативтік құқықтық актілер зерделенді, олар әкімшілік айыппұл салуға ықпал етеді және заңнамада қайшылықты сәттер туғызады. Әкімшілік айыппұлға қатысты мәселелерді зерттеу қажеттілігі құқықтық және экономикалық тұрғыдан ерекше өзектілікке ие. Сонымен қатар, әкімшілік айыппұлды қарастыруға байланысты мәселелер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен байланысты ерекше маңызға ие. Мұндай өзара байланыс әкімшілік айыппұлдың әкімшілік заңнаманың бір бөлігі ретінде көптеген құқық бұзушылықтарды қамтып, сондайақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шарасы болып табылатындығымен түсіндіріледі. Авторлар мақалада әкімшілік айыппұлға байланысты бар мәселелерді шешу жолдарын ұсынады, оларды жүзеге асыру көптеген қоғамдық қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын азайтуға ықпал етуі мүмкін
Жүктеулер: 61