-
Жасырын тергеу әрекеттері процесі этаптарының дифференциациясы: проблемалары мен оларды шешу жолдары
АБДИКЕРИМОВ Б.М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ, 2025
Жүктеулер: 47Зерттеу жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелуін жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету тұрғысынан талдауға бағытталған. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу жүйесі талдау нысаны ретінде алынған. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен және оларға кіретін екі кіші бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздердің тізімінен және қосымшалардан тұрады. Процессуалдық рәсімдердің айқын еместігі мен бақылаудың әлсіздігі жеке өмірге заңсыз араласу қатерін туындататыны анықталды. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін нақтылау және алдын - ала прокурорлық қадағалауды енгізу қажеттігі ғылыми түрде негізделді.