-
Қазақстан Республикасында ірі көлемді жүктерді жүк автомобильдерімен тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық: мәселелер және шешу жолдары
ҚОЙЛЫБАЕВ М.М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ, 2025
Жүктеулер: 297Магистрлік диссертация кіріспеден, алты бөлімнен тұратын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған көздер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыста Қазақстан Республикасында ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды реттеудің ұйымдық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық аспектілері кешенді түрде қаралды. Қорытындыда ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша негізгі тұжырымдар мен практикалық ұсынымдар тұжырымдалған. Зерттеудің практикалық маңыздылығы құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру және осындай тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.