-
Лудоманияның алдын алу: қазіргі жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары
САТЫБАЛДИЕВА А.Е.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ, 2025
Жүктеулер: 30Диссертациялық жұмыста құмар ойындарды ұйымдастырумен байланысты құқыққа қарсы іс-әрекет үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілікті оның патологиялық ойын мінез-құлқымен (лудоманиямен) байланысы тұрғысынан жан-жақты талдау жүзеге асырылады. Талдау негізінде, құқықтық реттеуді жетілдіруге, ойынға тәуелді мінез-құлық деңгейін төмендетуге және ілеспе тәуекелдерді азайтуға ықпал ететін құқықтық, психологиялық және медициналық сипаттағы кешенді шараларды әзірлеуге бағытталған нақты ұсыныстар көрсетілген.