-
Әкімшілік юстициядағы прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері
ЖАҢАБАЕВ Ф.Р.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ, 2025
Жүктеулер: 307Диссертациялық жұмыста әкімшілік әділет аясында прокурорлық қадағалау актілеріне сот бақылауын жүзеге асырудың өзекті мәселелері қарастырылады. Мұндай актілердің құқықтық табиғаты мен оларды әкімшілік соттарда даулау тәжірибесіне талдау жүргізілген. Прокурордың қатысуы міндетті әкімшілік іс санаттарын қайта қарау мәселесі қаралып, оның негізділігі зерттелген. Зерттеу барысында бұл мәселелер әділсоттылықтың халықаралық стандарттарын ұстанып, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау тұрғысында, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйе және құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктері ескерілген.