• Тергеушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде істің мән-жайларын тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объектівтілігін қамтамасыз ету

    КУЛКЕШЕВ К.Н.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ, 2025

    Диссертация қылмыстық процестегі алдын ала тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі қағидаттарының құқықтық және теориялық негіздерін зерттеуге арналған. Бірінші бөлімде осы қағидаттардың мәні, жалпы сипаттамасы және қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандарына байланысты іске асырылу ерекшеліктері қарастырылады. Екінші бөлім тергеушінің іс жүргізу дербестігіне арналған: ведомстволық бақылау жағдайында оның мәні талданып, үш буынды қылмыстық процесс үлгісіндегі прокурордың рөлі мен тергеу судьясының тергеушінің дербестігін қамтамасыз етудегі орны зерттеледі. Жұмыста осы қағидаттарды іс жүзінде іске асыру мәселелері анықталып, оларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленген.

    Жүктеулер: 249