• МӘЖБҮРЛІ ТӨЛЕМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

    ЕСҚАЛЫ Н.Т. , БАЙМАХАНОВ А.Ә.

    Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №1 (35), 2025

    Мақалада мәжбүрлі төлемнің ерекшеліктері және олардың қылмыстық құқық тұрғысынан айыппұлдан аражігін ажырату мәселесі қарастырылады. Мәжбүрлі төлем түріндегі өзге де қылмыстыққұқықтық ықпал ету шарасының қазіргі уақыттағы құқықтық жағдайына талдау жасалып, тақырып аясында мәжбүрлі төлемнің өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасындағы міндеттерін анықтау мәселесіне қатысты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері зерделенді. Отандық және өзге елдердің заңнамаларын салыстыру арқылы осы шараның міндеттері мен мақсаттары, оның құқық бұзушыға әсер ету механизмдері тұрғысынан талданды. Қазіргі сот тәжірибесінде аталған шараны қолдану бөлігіне назар аударылды.

    Зерттеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне мәжбүрлі төлемді қылмыстық құқықтың мақсаттарына сәйкес қолдану бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

    айыппұл қылмыстық құқық қылмыстық-құқықтық ықпал ету қор Конституция жәбірленуші мәжбүрлі төлем өтемақы

    Жуктеу
    Жүктеулер: 8