• ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    ЖАҚСЫЛЫҚОВ Р.Ә., ӘШІРБЕКОВ М.Е.

    Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №1 (35), 2025

    Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық ұғымы қарастырылады. Авторлар оның мазмұнын ашу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық және ұлттық заңнамаға, негізгі ғылыми көзқарастар мен халықаралық стандарттарға терең талдау жүргізген. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасындағы сыбайлас жемқорлық ұғымы халықаралық стандарттарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелеріне, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының ұсынымдарына және заң ғылымындағы қалыптасқан түсінікке толық сәйкес келмейтіні анықталған. Осы олқылықтарды жою және ұлттық құқықтық жүйені жетілдіру мақсатында авторлар жаңа, ғылыми негізделген дефиниция ұсынады. Дефиницияны әзірлеу барысында заң техникасы қағидалары ескерілген. Мақала зерттеу нәтижелері мен нақты ұсыныстарды қамтиды.

    ғылыми зерттеу сыбайлас жемқорлық ұғымы лауазымды тұлғалар протекционизм конвенция заңнама халықаралық стандарт дефиниция

    Жүктеулер: 90