-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНА «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДЕГІ ЗАҢ КЕҢЕСШІЛЕРІ» ҰҒЫМЫН ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ
ЕЩАНОВ А.Ш. , КАЛМУРЗИНА З.Ж.
Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №1 (35), 2025
заң кеңесшісі халықаралық гуманитарлық құқық Женева конвенциясы қарулы қақтығыстар соғыс құқығы әскери қызметші әскери тұтқындарМақалада Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына «Қарулы Күштердегі заң кеңесшілері» ұғымын енгізу мәселесі қарастырылады. Авторлар бұл институтты заңнамалық тұрғыда бекітудің қажеттілігін Қазақстанның Женева конвенциялары мен олардың Қосымша хаттамалары бойынша халықаралық міндеттемелеріне, сондай-ақ шетелдік тәжірибеге сүйене отырып негіздейді. Заң кеңесшілерінің негізгі міндеттері талданады, оның ішінде командирлерге халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қолдану бойынша кеңес беру, әскери қызметшілерді құқықтық оқыту, әдістемелік материалдар әзірлеу және тарату мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын әскери құрылымдарда қолданудың деңгейлері, заң кеңесшілерінің стратегиялық және тактикалық әскери жоспарлауға қатысуы, қарулы қақтығыстар кезінде соғыс жүргізу құралдары мен әдістерін құқықтық бағалау рөлі зерттеледі.
Авторлар заң кеңесшілерінің қызметін заңнамалық тұрғыда бекітудің маңыздылығын атап өтіп, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және әскери басқару жүйесіндегі құқықтық мәдениетті арттыру үшін тиісті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар береді.
Жуктеу
Жүктеулер: 10