• Цифрлық активтермен (криптовалюталармен) жасалған қылмыстарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кейбір проблемалары

    КЕКИЛБЕКОВ ЭЛЬТАЛИП ШАХМАНОВИЧ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ, 2024

    Магистрлік жобада елімізде соңғы жылдары кең таралып отырған Цифрлық активтермен (криптовалюталармен) жасалған қылмыстарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кейбір мәселелері қарастырылады. Азаматтық заңнамамен цифрлық активтердің (криптовалюталардың) мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке) жатқызылуына байланысты, еліміздің азаматтары оларды сатып алу және сату құқығына ие болды. Бұл қаржылық тұрғыда өте пайдалы, алайда криптовалюталармен жасалынатын қылмыстардың саны да өсуде. Мұндай қылмыстардың басым көпшілігін ашу және тергеу Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, заңнамалық реттелуінің болмауы салдарынан біршама қиыншылықтар тудырып отыр. Магистрлагистрлік жобада осы бағыттағы жеке проблемаларды анықтау, оларды шешу жолдарын қарастыру, тиімді тәсілдер мен заңнамаға өзгерістер және толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу жайында болмақ.

    Жуктеу
    Жүктеулер: 19