• ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРДЕГІ АЙЫППҰЛ ИНСТИТУТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

    НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ИНСТИТУТА КРАТНЫХ ШТРАФОВ ПО УГОЛОВНОМУ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    Алибекова А.М.

    Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы №1 (32), 2024

    Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза түрлерін жетілдіру бөлігінде қылмыстық заңнаманы реформалау қылмыстық саясатты іске асырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi адамдарға қолданылатын қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету олардың жаңа қылмыстық iс-әрекеттер жасауының алдын алудың қажеттi шарты болып табылады. Қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасаған адамдарға қатысты қолданылатын негізгі жазалардың бірі ретінде еселенген мөлшердегі айыппұл институтын құқықтық реттеу мәселелері осы мақаланы дайындау шеңберінде зерттеу нысаны болды. Зерттеу барысында еселенген мөлшердегі айыппұл түріндегі жазаның ерекшеліктерін анықтау мәселелері бойынша отандық заңнама нормаларына талдау жүргізілді, кейбір шет елдердің қылмыстық жазаның қарастырылып отырған түрін заңнамалық бекіту бөлігіндегі тәжірибесі зерделенді. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша еселенген мөлшердегі айыппұл түріндегі жазаны қылмыстық-құқықтық регламенттеудің ерекшеліктері қаралды, талдау қорытындылары бойынша қаралып отырған заңнаманы жетілдіруге бағытталған қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды.

    қылмыстық жаза санкция еселенген мөлшердегі айыппұл қылмыстық заң заңнаманы жетілдіру құқықтық реттеу қылмыстық-құқықтық норма

    Жуктеу
    Жүктеулер: 20