• Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасының жұмыс тәжірибесі

    Опыт работы Республики Узбекистан по вопросам противодействия торговле людьми

    Сейтаева Ж.С., Балашов Р.С.

    Вестник Академии правоохранительных органов, №2 (16), 2020

    Бұл мақала Өзбекстан Республикасының адам саудасына қарсы күрес саласындағы оң тәжірибелері мен қазіргі заманауи реформаларын зерделеуге, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия сияқты үйлестіру-кеңесші құралдардың рөлін ықтимал теориялық жалпылауға бағытталған. Авторлар Өзбекстанда және Қазақстанда ведомствоаралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыруға салыстырмалықұқықтық зерттеу, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзбек Республикалық ведомствоаралық комиссиясын адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық комиссияға реформалау мен қайта құруға талдау жүргізеді. Жүргізілген талдау Өзбекстан Республикасы бүгінгі күні Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырғанын көрсетуде – бала еңбегі түбегейлі жойылды, Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары шеңберінде міндеттемелер орындалды, бұл елдің деңгейін АҚШ Мемлекеттік департаменті рейтингісінің үшінші санатынан екінші санатына дейін көтеруге мүмкіндік берді.

    адам саудасы траффикинг мәжбүрлі еңбек адам саудасының құрбандары адамдарды заңсыз әкету ведомствоаралық комиссиялар заңсыз еңбек аумақтық комиссиялар Өзбекстан Республикасы мигранттар

    Жуктеу
    Жүктеулер: 16